Домбыра – асыл мұра.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлттық Домбыра күніне орай Қазақстанның музыкалық мәдениетінің пайда болу тарихымен,белгілі күйші-композиторларымен таныстыру, ұлттық қазақ музыкалық аспабы – домбыраны дәріптеу мақсатында «Домбыра – асыл мұра» атты музыкалық сағат өтті. Шараға «Бегім ай» өнер орталығының «Жас өркен» домбыра үйірмесінің оқушылары және кітапхана оқырмандары қатыстырылды. Домбыра үйірмесінің оқушылар «Келіншек», «Адай», «Балбырауын» күйлерін тартып, өз өнерлерімен сүйсіндірді. Солмен қатар «Нағыз қазақ Домбыра» атты көрме қойылып, қазақ халық аспабы –домбыраның тарихын айтып, көрме – тарихымен оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Шараның мақсаты жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.







