Өсімдік қалай өседі?
Өсімдіктердің тіршілігі де тылсым сырларға толы. Өсімдік туралы қызықты мәліметтерді балаларға насихаттау мақсатында, №13 балалар кітапханасында №11 мектептің төменгі сынып оқушыларының қатысуымен «Өсімдік қалай өседі?» атты сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Шара барысында өсімдік жайлы сұрақтар қойылып , шешуін жылдам беру арқылы жас оқырмандардың қызығушылығы анықталды. Өсімдіктердің адам өміріне қандай пайдасы бар?- деген сұраққа әрбір оқырман жауап беріп, өз ой-пікірлерін айтты.







