« Жалқау мысық», «Екі қаз бен бір бақа», «Жолбарыс пен қоян»
Жүйеге қарасты Ж.Маханбетов ауылдық № 8 кітапхананың ұйымдастыруымен «Ертегімен есейемін» жобасы аясында « Нұрлы Сәби» бала бақша бүлдіршіндерінің қатысуымен « Жалқау мысық», «Екі қаз бен бір бақа», «Жолбарыс пен қоян» ертегілерін дауыстап оқу сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: Ертегі айту арқылы тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге, баланың тілін, сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту. Ұшқыр қиялымен көз алдарына ертегі кейіпкерлерін елестетіп, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.







