Астана – Ұлы дала Елордасы.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхананың ұйымдастыруымен «Zhazgy time » жазғы тынығу лагерінің жас бүлдіршіндерімен «Астана – Ұлы дала Елордасы» атты танымдық сағаты өтті. Астана, бір жағынан, жаңа Қазақстанның мақтанышына, екінші жағынан —ұлттық идеяны орнықтырудың және елді біріктірудің нышанына айналды. Шара барысында Елорданың қалыптасу тарихы айтылып, қаланың көркем келбетін ашатын қоғамдық саяси, мәдени орындар, көркем ғимараттар кітаптар арқылы жас оқырмандарға таныстырылды. «Астана-ұлы дала елордасы» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттер оқуға ұсынылды.







