Домбыра –бабадан қалған бағзы мұра.
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Домбыра –бабадан қалған бағзы мұра» атты өнер сағаты кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Мақсаты: Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып, кітапхана қорындағы өнер саласының әдебиеттерін насихаттау. Өнер сағаты барысында оқырмандар домбыраның шығу тарихымен, атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналған, қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлерімен танысты. Сонымен бірге кітапхана оқырмандары домбыра жасаушы шебер Ақбүркіт Жауынғаров, Дәлелбек Алиасқаров ұлттық домбырамызда Құрманғазының «Қайран шешем», Ықыластың «Қоңыр», Тәттімбеттің «Көкейкесті», Дәулеткерейдің «Жігер» және т.б.күйлерін орындап көпшіліктің ризашылығына бөленді.







