Домбыра-дастан, домбыра-күй.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 Балалар кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра-дастан, домбыра-күй» тақырыбында кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап көрмесін таныстыру барысында кітапханашы қазақ халқының руханиятында алар орны ерекше домбыра аспабы туралы қызықты деректермен бөлісті. Көрме бойынша қазақтың домбыра тарту өнері, домбыра аспабының пайда болуы мен қалыптасуы, күй өнерінің шығу тарихы, күйшілер туралы жазылған әдебиеттер насихатталды. Домбыраның әуезді күмбірлеген үні халықтың сан ғасырлы тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын жырлап, батырларға рух, ақындарға шабыт берген. Ал домбырада ойнау өнері мен ұлттық мұраға айналған – күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып келеді.







