Нағыз қазақ - домбыра.

   Қалалық  № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен  Ұлттық Домбыра күніне орай  «Сыр еркесі» бала- бақшасының «Тұлпар» тобының балалары қатысуымен  «Нағыз қазақ- домбыра» өнер  сағаты  өтті.  Шара барысында  балаларға домбыраның жалпы құрылысы мен шығу тарихы жайлы ақпараттар айтылып,  домбыра жайлы бейнеролик көрсетілді. Шараға арнайы М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті  Мырзабек Аружан   шақыртылып « Салтанат» ,  «Балбырауын»,  «Адай»  күйлерін  орындады. Балабақша бүлдіршіндері домбыраға байланысты тақпақтарын айтты. Домбыра - қазақ халқының арасында өте ерте заманнан бері кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған, қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап болып табылады. Күй - бұл қазақтың көне заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен ең киелі де қастерлі өнері. Шара соңында балаларға арнайылап әкелінген тәттілер таратылды.
Шараның мақсаты:Кішкентай бүлдіршіндердің қазақ халқының ұлттық аспабы- домбыра туралы түсініктерін қалыптастыру.
05 шілде 2024 ж. 127

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам