Өз өмірің өз қолыңда.

  Қарауылтөбе ауылдық №7 кітапхананың ұйымдастыруымен «Өз өмірің өз қолыңда»  атты пікір   талас сағаты  жастар қатысуымен өткізілді. Шараның мақсаты: оқырмандарға  темекінің  зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу. Шара барысында оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау  мақсатында ауылдың балалар алаңында түнгі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жас оқырмандар темекінің адам ағзасына зияндылығы тралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Мектеп кітапханашысы  Жетіруова Ғазиза балаларды жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауға,  салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, жастардың ойларын қорытты.  Кітап көрмесіне  шолу жасалып, Г.М. Блиовтың  «Сау басқа сақина», Т.Ж. Бектегеннің «Адамзаттың қас жауы» кітаптары, мерзімді басылым беттеріндегі пайдалы кеңестер оқуға ұсынылды. 
 
09 шілде 2024 ж. 110

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам