Кітаппен өткен жаз қызық.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапханада балаларды жазғы демалыс уақытында кітап оқуға тарту мақсатында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты әдеби аула шарасы ұйымдастырылды. «Әдеби аула»--қарым-қатынасқа, оқуға, пікірталасқа, ойындарға және түрлі викториналарға арналған әмбебап кітапхана алаңы. Балалар қызықты түрлі-түсті кітаптармен, мерзімді басылымдармен танысты. Ойындар ойнап викториналық сұрақтарға жауап берді. Кітап оқуға қызығушылық танытып, кітапханаға оқырман ретінде тіркелді.







