Жоғалған қала – Сығанақ.
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Жоғалған қала – Сығанақ» атты ауызша журнал өткізілді. Ауызша журналдың мақсаты: Кітапхана оқырмандарына Сығанақ қаласы туралы ақпарат беріп, кітап қорындағы әдебиеттерді насихаттау.
Ауызша журнал 2 бет бойынша өрбітілді. Бірінші бетінде орта ғасырдағы Орта Азиядағы ықпалды мемлекеттердің астанасы болған.Сығанақ қаласының тарихы таныстырылды. Атап айтқанда, Қыпшақ хандығы, Ақ Орда, Қазақ хандығы тәрізді мемлекеттерге мұрагерлік жолмен астана болып келгендігі, ежелгі түрікше атауы, XI ғасырда Қыпшақ мемлекетінің саяси әрі мәдени орталығына айналғандығы туралы айтылды. Ал екінші бетінде Сығанақ туралы топтастырған 10 дерек таныстырылды. Ауызша журнал барысында оқырмандар осы және басқа да Сығанақ қаласы жайлы тарихи және де тың қызықты деректермен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алды.