Әдебиет білімпаздары
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы №2 «Бөбек» санаториялық бөбекжай балабақшасында «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Болашақ» мектепалды тобының бүлдіршіндерімен «Әдебиет білімпаздары» атты Әдеби гандикап /доппен ойын/ ұйымдастырылып өткізілді.
Бүлдіршіндерге «Парсы патшасы және теңіз патшайымы», «Құлын, бұзау және бота», «Әжемнің ертегілері», Етекбаев М. «Алатау ертегілері», «Дудар қыз», «Нан батыр», «Торғай мен Тышқан», «Қырық өтірік», т.б. қызықты ертегілерді дауыстап оқып берілді.
Балабақша бүлдіршіндері өзінің ата – әжелерінен естіген қызықты ертегілерді айтып берді.
Тәрбиеші Алматова Нургул балабақша бүлдіршіндерін екі топқа бөліп, доппен ойналатын түрлі эстафеталық спорттық ойындарды ойнатып бүлдіршіндер уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді. Шара соңында екі топтың бүлдіршіндеріне балмұздақ таратылды.
Шараның мақсаты: Балабақша бүлдіршіндерге гандикап доппен ойнау арқылы екі қолмен алға қарай лақтыруға үйрету, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, және ертегінің желісін түсіндіріп, сөздік қорларын, ой-санасын және көз алдарына елестету қабілетін дамыту, ертегі оқуға қызығушылығын арттыру.