Еңбегімен – ер атанғандар.
Қалалық жүйеге қарасты №6 кітапханада Енбек ерлері Балдырған Мұстафаеваның 85 жылдығына, Жадыра Таспамбетованың 70 жылдық мерейтойына орай «Еңбегімен –ер атанғандар» атты өнеге сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: саналы өмірін, қажыр- қайратын еңбекке арнаған, рухы мықты, тұлғасы биік еңбектің ерен үлгісін көрсеткен, Социалистік Еңбек Ері атанған батыр аналардың өнегелі өмір жолын кеңінен насихаттау. Шара барысында оқырмандарға Б.Мұстафаева жайлы «Жүз центнер жолында» атты кітаптан және Ж.Таспамбетова жайлы М.Күлімбетовтын «Жүрегімнің жарасы» атты кітаптардан батыр аналарымыздың еңбек сүйгіштігі, өнегелі өмірі, ұлағаттылығы туралы естеліктер айтылып, «Сыр бойы» энциклапедиясынан деректі мәліметтер таныстырылып, оқуға ұсынылды.









