1001 мақал,101 жұмбақ.

  А.С.Пушкин атындағы орталық  кітапханада «Жазғы кітапхана» жобасы аясында оқырмандардың қатысуымен  «1001 мақал,101 жұмбақ» атты мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: Кітапхана оқырмандарына мақал-мәтелдер туралы ақпарат беріп, ой-өрістерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Мақал - мәтелдер – әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған  табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының  тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің  бір түрі. Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп, бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы. Сайыс барысында оқырмандар мақал - мәтелдер айтып 6 жұмбақ шешіп жарысты. Шардың ішіне жасырынған мақал - мәтелдердің жалғасын тауып, тапқырларға тәттілер таратылды. 
18 шілде 2024 ж. 122

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам