Спорт – жан саулығы.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхананың ұйымдастыруымен №2 Нұр шұғыла бала бақшасы «Шаттық тобының»жауапты тәрбиеші Ерғалиева Меруерттің қатысуымен «Спорт – жан саулығы » атты спорт сағаты өтті. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі » деп тегін айтылмаса керек. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау болып табылады және осы орайда бүлдіршіндерге түсіндірме жұмыстарымен қатар жаттығу жұмыстарымен шахмат және тоғызқұмалақ ойындары ойнатылды.







