Кітаппен жаз қызық
Қалалық жүйеге қарасты №1 кітапханада балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Жазғы кітап» жобасы аясында «Кітаппен жаз қызық» атты кітапханаға саяхат өткізілді. «Күләнда» балабақшасының мектеп алды даярлық тобының балалалары кітапханаға саяхат жасай отырып, жаңадан түскен балалар әдебиетімен және кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмелерімен таныса отырып, қызықты ертегілер тыңдады. Сонымен бірге балаларға бос уақыттарында кітап әлеміне еніп кітап оқуға кеңестер берілді.







