ақын-жырау Сүгір Бөгендікұлының туғанына 130 жыл толуына орай жыр сағаты,
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 18 кітапханада ақын-жырау Сүгір Бөгендікұлының туғанына 130 жыл толуына орай жыр сағаты кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Шараға «Оқушылар сарайының» жыр-терме үйірмесінің жетекшісі Рүстембеков Нұрбол шәкірттері Ерболатұлы Нұррахман, Арыстан Біржан, Ғани Төреғали, Маралбек Абат, Нұрмашев Нұрғиса және кітапханамыздың алдыңғы буын оқырмандары қатысты. Шара барысында оқырмандарға Сүгір жыраудың өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат берілді. Кеш қонағы Рүстембеков Нұрбол ағай жастарға жыраулық өнердің қыр-сыры мен тәрбиелік мәні туралы көркем түрде әңгімелеп берді. Шәкірттері: Нұррахман, Біржан, Абат, Нұрғиса, Төреғали жыр жырлап, кеш көркін қыздырып өздерінің туған жерге деген ыстық ықыластарын ақын Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер» атты әнімен жеткізді.







