Ең жақсы демалыс кітаппен.
Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында «Ең жақсы демалыс кітаппен» атты жазушы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша әдеби лото өткізілді. Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың қабілеттерін, ойлау ұшқырлығын, кітап оқуға ынталарын арттыру. Есте сақтау, ой-өріс белсенділігін арттыру. «Менің атым Қожа» повесін оқырмандарға кеңінен насихаттап, кітапханаға оқырман тарту. Шара барысында кітапханашы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларына тоқталып, повесті нақышына келтіріп баяндады. Повесть кейіпкерлері туралы көптеген сұрақтар қойылып, оқырмандар сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Шара соңында көрермендердің қызығушылықтары оянып, жазушының басқа да шығармалары туралы ой-пікір өрбіді.

