Химия тұрмыста.
2024 жылдың 29 шілдесінде № 16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы кітапхана» жобасы аясында «Химия тұрмыста» атты ақпарат сағаты өткізілді. Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химиялық өнімдер. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарсыз өмір сүре алмайды. Міне, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Шара барысында оқырмандарға химияның адам өміріндегі маңызы, пайдасы мен зияны туралы, синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия дұрыс пайдаланылмаған және сақталмаған жағдайда денсаулыққа қауіп төндіретіні жайлы ақпараттар берілді. Шараның мақсаты: Жас оқырмандарға күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың пайдасы мен зияны туралы түсіндіру.

