Қазақта қара сөзге дес бермедім,
10 тамыз қазақтың – ұлы ақыны, ағартушы аудармашы, сазгер, философ, композитор, саяси қайраткер, қазақ халқының ұлы класигі, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, Абай Құнанбайұлының туған күні! Өздеріңіз білетіндей, Үкімет қаулысымен 10 тамыз “Абай күні” болып бекітілді. Осы атаулы күннің аясында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Тасбөгет кентінде орналасқан Нәлқожа Ергешбаев атындағы № 172 орта мектептің 7 «Ә» сынып оқушылардың қатысуымен «Қазақта қара сөзге дес бермедім» тақырыбында әдеби - сазды кеш өткізілді. Шара Лед экраннан ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған 10 минуттық бейнебаян көрсетілуден ашылды. №172 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Құрманова Жарқынай Әбітайқызы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнін, №13 балалар кітапханасының кітапханашысы Қожас Жансая Бекқабылқызымен қосылып, хормен сынып оқушылары «Көзімнің қарасы» әнін лед экраннан қарап жанды дауыспен ерекше шырқады. Шара барысында ақын Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдерін №172 орта мектептің 7 «Ә» сынып оқушылары ерекше мәнерлеп оқыды. «Әлем таныған ұлы Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары, мерзімді басылым беттеріндегі жарық көрген мақалар қойылып оқырмандарға насихатталды.Шараны №172 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сатыбалдиева Гүльнар Жұбатқанқызы қорытыдылап жастарды – мың қырлы Абайдай ұлы ақын шығармаларынан тәлім-тәрбие алып, жаттап оқуға шақырды.
