Сыр елінің қазба байлықтары,

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхананың ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық тарихи өлкетану мұражайының ашылғанына – 85 жыл толуына орай «Сыр елінің қазба байлықтары» атты танымдық кеш  № 187 мектеп – лицей оқушылары қатысуымен өткізілді.  Жас оқырмандар мұражай көрмелері  бойынша қойылымдармен: археологиялық және этнографиялық,тас  мүсін, қолданбалы өнер бұйымдарымен, фотосуреттер мен құжаттар, сирек кездесетін кітаптар топтамаларымен, өлкенің өсімдікті және жануар әлемі заттарымен кеңінен танысты.  Мұражай қоры археологиялық, этнографиялық жинақтар, зергерлік әшекей бұйымдары, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларға бай. Жасөспірімдер  КСРО халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Бағланова мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваға арналған экспозицияға ерекше қызығушылық танытты.
08 тамыз 2024 ж. 68

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам