Ұлы халықтың – ұлы Абайы,

  Қалалық жүйеге қарасты №6 кітапхана «Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығымен бірлесіп 10 тамыз – Абай күніне орай қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Шара барысында ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы орталық қызмет алушыларына таныстырылып, арнайы жасақталған кітап көрмесі бойынша ақынның кітаптарымен   мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасалды. Орталық қызметкерлері мен қызмет алушылары Абайдың «Күз», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалқып» әндерін нақышына келтіре орындап кеш ажарын аша түсті.
08 тамыз 2024 ж. 68

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам