Бокстан бірінші.
2024 жылдың 8 тамызында № 16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Мың бала» спорттық кешенінде «Жазғы кітапхана» жобасы аясында «Бокстан бірінші» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара барысында бокс тарихында 20 жасында олимп шыңын бағындырған, тұңғыш олимпиада чемпионы атанған даңқты боксшы Бекзат Саттархановтың балалық шағы, еңбекқорлығы, жеңістері жайлы айтылды. 15 жасында бокс қолғабын киген ол тынбай жаттығып, боксқа деген ынта-ықыласының арқасында қысқа ғұмырында 143 жекпе-жек өткізіп, 132-сін жеңіспен аяқтайды. Бекзаттың аяқ қимылы мен жұдырықтасу техникасына жаһанның жуан боксшыларының өзі тәнті болып, талантына тамсанды. Шара соңында кітапхана қорындағы Бекзат Саттарханов және басқа да спорт саңлақтары жайлы жазылған әдебиеттермен таныстырылды. Шараның мақсаты: Жас оқырмандарды Б. Саттархановтың өмір жолдарымен таныстыру, оның өнегелі өмірін, еңбекқорлығын үлгі ету. Қатысқан адам саны-28.
