Табиғаты қандай ғажап туған елімнің.
Жүйеге қарасты №6 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында жас оқырмандардың туған жеріміздің сұлу табиғаты жайлы таным көкжиектерін арттыру, экологиялық санасы мен экологиялық мәдениеттін қалыптастыру мақсатында «Табиғаты қандай ғажап туған елімнің» атты таным сағатын өткізді. Шара барысында оқырмандарға қымбат қазынаға толы туған жеріміздің табиғаты, фаунасы мен флорасы жайлы мол мағлұматтар беріліп, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысуға, көгалдандыру және тазалық жұмыстарына бір кісідей өз үлестерін қосуға, еліміздің табиғатын көзіміздің қарашығындай сақтау қажеттілігі айтылып, кітапхана қорындағы табиғатты сақтап қалу жайлы жазылған танымдық әдебиеттер оқуға ұсынылды.







