Абай – ұлылықтың ұлы шыңы.

М.Ералиева атындағы мәдениет үйі мен  № 3 кітапхананың ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбиелік орталығының «Әлем ВООК» бағыты бойынша оқырмандар клубы  қазақтың бас ақыны Абай күніне орай   «Абай – ұлылықтың ұлы шыңы”атты ғибрат кешін  өткізді. «Абай – әлемдік мәдениеттің тұлғасы”атты кітап көрмесі жасақталып,ақынның кітаптарымен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасалды. Шара барысында Ғалымжанқызы Айжан «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» және Шакеева Інжу «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыса, мәдениет үйі өнерпаздары Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» т.б. әндерді орындады. Шараны мәдениет үйінің директоры Манас Батырбекұлы Молдашев қорытындылады.
12 тамыз 2024 ж. 113

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам