Жарқын болашақтың бейнесі - жастар.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында «Urban Park» спорт алаңында ұйымдастырылған "QYZYLORDA URBAN FEST» фестивалінде жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапхана қорындағы рухани қазынамызды кеңінен насихаттау және де кітапханаға оқырман тарту мақсатында «Абай – кемел ойдың кемеңгері» және «Жарқын болашақтың бейнесі - жастар» атты кітап көрмелерін жасақтап, кеш қонақтарына таныстырды. Шараға келушілер кітап көрмелерін зор қызығушылықпен тамашалап, өздеріне қажетті ақпараттарды алды.







