Қазағымның дастарханы –ай!

   Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы асты өте жоғары бағалап, қастерлей білген. Әрине, бұл ретте ұлтымыздың ұлттық тағамдарының орны бөлек. Алайда заман алмасып, ұрпақ жаңарған сайын кейбір ұлттық тағамдарымыздың ұмытылып бара жатқаны да рас. Осы ретте жүйеге қарасты №17 кітапханада «Қазағымның дастарханы –ай!...»атты  ұмыт болған ұлттық тағамдар жайлы дайджест өтті. Шара барысында, оқырмандарымызға бұрындары ат үстіндегі ата-бабаларымыз тұтынған, бүгінде жұрт ұмыта бастаған, халық көп біле бермейтін ұлттық тағамдарымыз туралы деректер ұсынылды. Атап айтсақ,бүгінге дейін қазақтың 200-ден астам  ұлттық тағамы анықталған. Соның 50 түрі "Қазақы ас: Дәстүр мен дәм" атты кітапта анықталып жазылған. Тіпті,олардың әзірлену технологиясы,  биологиялық  құндылығы жайында  да білуге болады. Олардың кейбірі бүгінде ұмыт болған. Атап айтсақ: сырбаз қуырдақ, ұн қуырдақ, асқабақ қуырдақ, қарын бөртпе, сүбе орама, жөргем, жаубүйрек, қимай, мипалау, мишұжық, өкпесүт, қансоқта, қымыз қабырға, қарын көмбе, бал бауыр, өрме төс бар. Сонымен қатар, мұнда ақ тағам, үлпершек, бел көтерер, ұлтабар, ұйқыашар сияқты тағамға қатысы бар жөн-жоралғылар туралы да қызықты мәліметтерді оқып білуге болады. Шара барысында  ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарды әрі қарай жастарымыз дәріптеп, насхаттап жүрсін деген мақсатта «Қазағымның дастарханы –ай!...»атты кітап көрмесі таныстырылып,Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың дарқан дастарханы» атты қазақ халқының  ұлттық тағамдары мен оның ерекшеліктері туралы 3-тілде жазылған кітабы ерекше сұранысқа ие болды. Шарадан жастарымыз қазақтың ежелгі ұмыт болып бара жатқан асы мен   қазақ елінің тұрмыстық мәдениеті туралы біліп, қызықты ақпараттармен танысты. 
   
15 тамыз 2024 ж. 189

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам