» » Сыбайлас жемқорлық-жастар болашағына тосқауыл.

Сыбайлас жемқорлық-жастар болашағына тосқауыл.

 Жүйеге қарасты №17 кітапханада, Қызылжарма мәдениет  үйінің қызметкерлері мен кітапхана оқырмандарының  қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды негізге ала отырып, жастарымыздың ой-санасын пара беруден аулақ ұстап, сыбайластық арқылы мақсат-мұратқа  жету секілді жат қылықтан арылту мақсатында «Сыбайлас жемқорлық-жастар болашағына тосқауыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында арнайы   ұйымдастырылған «Жемқорлыққа-жол жоқ» атты кітап көрмесі таныстырылып, Артықбаевтың «Жеті жарғы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар топтамасы, «Мемлекет және құқық негіздері» шараға қатысушылардың сұранысына ерекше ие болды. Шара барысында Қызылжарма мәдениет үйінің қызметкерлері Бекетова Ақманат Ермекбайқызы, Бекишева Света Ерболатқызы шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық - ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылатынын және де жастарымыздың  болашағына кесірін тигізетін індет екенін айтып, өз ойларын ортаға салды.
16 тамыз 2024 ж. 106

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам