Президенттік миля –денсаулыққа жол
«Жазғы кітап - 2019» бағдарламасы аясында балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында №1 кітапхана «Президенттік миля –денсаулыққа жол» атты спорттық ойындардан байқау өткізді. №11 мектеп – лицейінің «Ақ көгершін» күндізгі балалар тынығу лагері оқушылары шашка, шахмат, тоғызқұмалақтан жарысып, ойын түрлерін жетік меңгергендерін көрсете білді. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша Н.Сегізбай, Ф.Шәріпбаева, шахматтан Ө.Жолдыбай, Д.Буршеев, Ф.Ермалайлар үздік ойын көрсетіп, жеімпаз атанды. Сайысқа «Ақкөгершін» тынығу лагерінің меңгерушісі Г.Қожамберген, тәрбиеші М.Алданазарова және «Денешынықтыру» пәнінің оқытушысы Қ.Жәмиев төрелік жасады.








