Жас техниктер еңбегі.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхананың және «Алтын Орда» Шұғыла №3 балабақшасының «Балауса» мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндірімен бірлесе отырып «Жас техниктер еңбегі » атты еңбекке баулу мақсатындағы таным сағаты өткізілді. Шараның мақсаты : Адамды – адам еткен еңбектің мағынасын жас бүлдіршіндерге түсіндіру. Баланы еңбекке баулу арқылы рухани – адамгершілікке тәрбиелей отырып еңбекпен тығыз байланыста болатынын ұғындыру. Шара барысында жалпы еңбек атаулыға түсінік беріліп, яғни балалардың күнделікті өздеріңіздің тамақ ішу және ойыншықтарды жинау, аналары мен әкелеріне көмектесуі еңбектің бастауы екендігі айтылды. Балаларды түрлі ойындар арқылы және құрастырғыштар тәрізді заттарды пайдалана отырып ойын өткізіліп, ойлау қабіліеттерін жетілдіру мақсатында түрлі сұрақтар қойылды, әдебиеттер таныстырылды.
