Жырлайын мен, Махамбеттей ерімді.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада қазақ халқының жыршысы Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жылдығына орай «Жырлайын мен, Махамбеттей ерімді» атты жыр сағаты кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Кешке «Оқушылар сарайының» домбыра үйірмесінің жетекшісі Қаппарова Ғафура қатысып белсенділік танытты. Шара барысында оқырмандарға Махамбеттің өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат берілді. Кеш қонағы Қаппарова Ғафура оқырмандарға Махамбет күйлерін орындап, жас оқырмандар Махамбет жырларын жатқа оқыды. Шара оқырмандардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық көңіл-күй сыйлады. Мақсаты: жас ұрпаққа өз елінің тарихын біліп, елін-жерін құрметтеуге баулу. Махамбет Өтемісұлы – қазақ халқының ХІХ ғасырдағы ұлы әдеби мектебінің жаңашыл, аса көрнекті әрі ақын, әрі батыр тұлғасы. 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қаза табады. Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болады, Бірақ туысынан өр мінез, өжет жанды Махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады. 1834 жылы Исатай Таймановпен бірігіп, халық наразылығын білдіру мақсатында жұмыс жүргізе бастайды. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің Махамбет оң белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды.







