Айбыны асқақ Ата Заң!
2024 жылдың 27 тамыз күні жүйеге қарасты №17 кітапханада 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай, «Айбыны асқақ Ата Заң!» атты ақпарат сағаты өтті. Шара барысында оқырмандар назарына Қазақ хандығы тұсындағы жарғылар туралы, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Конституция, құқық мемлекетінің дамуының негізгі бағыттары, саяси-экономикалық жағдайы, жалпы еліміздің үлкен жетістіктері туралы мәліметтер берілді. Шараға арнайы ұйымдастырылған «Ата Заңым-мақтанышым, қорғанышым!» атты кітап көрмесіне, аталған тақырып аясындағы әдебиеттер, газет-журналдар, мақалалар оқырмандар назарына ұсынылып кеңінен насихатталды. Мақсаты: Келер ұрпаққа еліміздің қабылданған Ата Заңның өмірлік қажеттілігін ұғындырып, заңды өмірде қолдана білуге үйрету, өз құқығын білуге және талап ете білуге баулу, шыншылдыққа, патриоттыққа, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.







