Жеңісімен асқақтаған қазағым
№6 кітапхана №1 Облыстық жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің жеңімпаздарыменен «Жеңісімен асқақтаған қазағым» атты сұхбат кешін өткізді. Кездесуге қазақша күрестен Республикалық жарыстың жеңімпазы Мырқы Мағауия, Азия біріншілігінің жеңімпазы Аязбек Шүкір, дзюдодан, қазақша күрестен республикалық, облыстық жарыстың жеңімпаздары Н.Нұртуған, Н.Қалмағамбет қатысып спорттағы жетістіктерін айтып, жастардың сұрақтарына тұщымды жауаптар берді. Еркін форматтағы спортшылармен қызықты кездесу оқушыларға тың серпін берді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарадан оқушылар өздеріне қажетті көптеген ақпараттар алды.











