Ата Заң - елдіктің символы.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапханада 30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Ата Заң-елдіктің символы» атты танымдық сағат өткізілді. Шара барысында жас оқырмандарға Ата Заңымыз, адам құқықтары мен міндеттері жайлы мағлұматтар беріліп «Ата Заңым-алтын қазығым» атты кітап көрмесі ұсынылды. Мақсаты: Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлт жанды ұрпақ тәрбиелеу.
