Кітап әлеміне саяхат

   №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 1 қыркүйек - Білім күніне орай «Кітап әлеміне саяхат» атты библиосаяхат Әбубәкір Тыныбаев атындағы  №11 мектеп – лицейдің 3-4 сынып оқушылардың қатысуымен өткізілді.
  Биылғы жылға «Жылдың мерей той иелері», «Балаларға базарлық», «Табиғат ғажайыптары», «Күн дидарлы Қазақстан» атты ұйымдастырылған тұрақты кітап көрмелері оқырман қауымға таныстырылды.Көрмеге тарихи және танымдық әдебиеттер,бабалардан қалған қалған асыл сөздер, және жаңадан келіп түскен кітаптар мен қатар мерзімді басылым беттерінен қойылды.
   Шараға бастауыш сынып жетекшілері Қойшыбаева Сайра, Жүсипбекова Гүлмира, Балқыбаева Қалзия, Зиядинова Шолпан қатысты. Батырхан Нұрсатаған, Базарбай Хафиза, Жасұланқызы Раяна, «Жаса Қазақстан!», «Ана жаным» әндерді жанды дауыспен айтса, 3 «А» сынып оқушылары Дәулетқызы Гүлби, Амангелді Жанбақыт отан, туған жер тақырыбында ақындардың жыр шумақтарын жатқа айтты.
  4 «Е» сынып оқушысы Күмісбай Инабат Ашығалы Ақерке, Қайрат Мадина «Алғашқы қоңырау» әнді жанды дауыспен шырқаса, қазақтың ұлы ақыны, Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңді Күмісбай Инабат жатқа айтса, Шайзада Кәусар Хан тәңірінің мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» жыр шумағын жатқа айтты. 4 «Е» сынып оқушысы Сейілхан Айзере қазақ халқының ұлы ағартушы - демократы, педагог – жазушысы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айтты. Шара соңында балалар мемлекеттік ән ұранын хормен ерекше шырқап шараны аяқтады.
    Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, білімге деген құштарлығын арттыру, кітапханаға деген қызығушылығын оятып, кітапханаға жаңа оқырман тарту.
03 қыркүйек 2024 ж. 203

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам