Табиғаттың ғажайып сырлары
№14 Белкөл кенті кітапханасы жазғы «Жас өркен» тынығу лагерінде "Табиғаттың ғажайып сырлары" атты танымдық әңгіме өткізді. Қызықты ақпарат берер танымдық энциклопедиялар таныстырыла отырып жылдың төрт мезгілі , табиғи құбылыстар және ғажайып сырлары жайлы әңгімеленді. Жас оқырмандар жан-жануарлар, қоршаған орта жайлы жұмбақтар шешіп белсенділік танытты.








