Тіл тағдыры - ел тағдыры.
Қызылөзек ауылдық клубы және №10 кітапхананың ұйымдастыруымен 5 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты тақырыптық кеш өткізілді. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп,еліміздің мерейін көтеріп,әлем таныған ел болу үшін ана тілімізде сөйлеп, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылды.Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары З.Көпбол,А.Нұрлан ақын жазушыларымыздың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.«Тіл бедері-ұлт мәртебесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды.







