Білім болашақтың бастауы.

 2024 жылдың 5 қыркүйек күні А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Білім болашақтың бастауы» атты ашық есік күні өткізілді. Мақсаты: Өскелең ұрпақты кітапхана жұмысымен, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмелеріне қойылған әдебиеттермен таныстырып, кітапханаға оқырман тарту. Ашық есік күніне кітапхана жанында орналасқан оқу орындары – «Абылайхан» атындағы жоғары колледжі,        Қызылорда «Сейхун» колледжі, С.Ысқақов атындағы  құрылыс және бизнес  колледжінің  1 курс студенттері мен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысып, кітапхана  қоры мен бөлімдерімен, «РАБИС» электронды, дәстүрлі каталог, картотекамен  жұмыс жасауды танысып үйренді. Шара барысында  кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмелерімен оның ішінде   Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдаған  жолдауына орай  «Бағыт – басым, мақсат - айқын», Тілдер мерекесіне арналған «Тіл – ұлттың жаны, әр халықтың байлығы» атты кітап көрмелеріне қойылған әдебиеттермен танысып, қажетті ақпараттар алды. Ашық есік күніне барлығы -  71 адам қатысты, оның ішінде кітапханаға оқырман болып 15 адам жазылды.  
     
05 қыркүйек 2024 ж. 195

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам