Табиғат-тіршіліктің қоныс мекені.

№8 кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы кітапхана» бағдарламасы аясында 5 маусым-Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне  орай «Табиғат-тіршіліктің қоныс мекені» атты эко сағатын № 268 мектеп-лицей жанында құрылған «Балдәурен» күндізгі лагері оқушылары мен жетекшісі Н.Рахманқұлова, тәрбиешілер А.Күнқожаева. К.Дәндесовалардың қатысуымен өткізілді.
 Шара мақсаты: Табиғат-күллі тіршілік атаулының қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат-ең қастерлі ұғым, адам табиғаттың бөлінбес бір бөлігі  екенін түсіндіре отырып, табиғаттың сұлулығын, әсемдігін көре білуге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін кеңейту, табиғатты сүйе білетін, қорғап сақтай алатын және мейірімділікпен қарайтын, экологиялық мәдениетті тұлға тәрбиелеу.
Шара барысында:  Балалар табиғат туралы айтылған жұмбақтар  жауабын беріп, өздерінің  тапқырлықтарын және дүниетанудан алған білімдерін көрсетіп,  кітап қорындағы табиғат туралы жазылған әдебиеттермен  таныстырылып оқуға насихатталды.
05 мамыр 2025 ж. 22

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам