«Экология-бүкіл әлем тағдыры.

 5 маусым-Дүниежүзілік  қоршаған ортаны қорғау күніне орай, жүйеге қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасы «Жазғы кітапхана» жобасы аясында «Экология-бүкіл әлем тағдыры» атты эко-ақпарат сағатын  ұйымдастырды. Шараға «Табиғат әлемі» атты   кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге ақын жазушыларымыздың табиғатқа арнап жазған өлеңдері, туған жер тақырыбында жазылған мақал- мәтелдер, жұмбақтар қойылды. Сонымен қатар «Қазақстан қорықтары», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Табиғатым -тағдырым», «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» атты әдебиеттер көпшіліктің сұранысына ие болды. Кітапханамыздың тұрақты, отбасылық оқырманы Макушева Сарсенкүл апай «Қазақ халқының барлық өмір- тіршілігі табиғатпен етене байланысты.Сондықтан да сіздер табиғатты қорғауларыңыз керек. Күнделікті өмірде қоқысты арнайы орындарға тастау керек және де әрбір отырғызылған ағаш келешек ұрпақ үшін қалдырған ең үлкен мұра деп біліңіздер» деп жас оқырмандарымызға өз ойын айтты.
 Шараның мақсаты: жас ұрпақтың табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, өз туған жеріміздің табиғаты туралы танып-білу, қоршаған ортаны қорғауға үйрету және де жас бүлдіршіндеріміздің жазғы демалыс кезінде  уақытты тиімді пайдаланып кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
05 мамыр 2025 ж. 47

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам