Гүлдер әлеміндегі қызықтар.
№13 балалар кітапханасы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп - лицейінің кітапханасы бірлесеп, «Жазғы кітап» жобасы бойынша «Гүлдер әлеміндегі қызықтар» атты тақырыптық әңгіме өткізді. Аталған шараға № 11 мектеп-лицейінің 4 «Е» сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында «Гүлдер әлемі» атты кітап көрмесі жасалып, гүлдер әлеміндегі қызықтар мен гүл атаулары, сырт келбеті, оларды баптап күту ережелері, гүлдердің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орны туралы таныстырылды. № 11 мектеп - лицейінің 4 «Е» сынып жетекшісі Зиядинова Шолпан Досжанқызы оқушыларға әсемдік пен әдемілікке баланған гүлдер туралы, үй гүлдері мен түз гүлдері туралы тың деректер айтып шараны қорытындылады.
Шараның мақсаты: Оқушыларға табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі - гүлдер туралы, олардың түрлері мен ерекшеліктері, өсу ортасы, өсіру мен баптау туралы түсіндіру.







