Рәміздер – тәуелсіздік тұмары.
№6 кітапхана 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – тәуелсіздік тұмары» атты ауызша журнал өткізді. Шараға И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің білім алушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы Н. Төлеубай атаулы күннің мағынасын түсіндіріп, мемлекеттіліктің, елдіктің, тәуелсіздіктің нышаны болып табылатын Мемлекеттік рәміздеріміздің тарихы мен авторлары жайлы мәліметтер берді. Сонымен қатар тұңғыш рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтың «Елтаным» атты тарихи-философиялық рәмізбаяны, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік рәміздері», Дәнеш Ахметтің «Көк тудың желбірегені», «Туыңды көтер», Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені», Несіпбек Айтұлының «Ту» және т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдарды таныстырып, оқуға ұсынды. Шараның мақсаты - әрбір азаматтың Мемлекеттік рәміздерімізге деген патриоттық сезімін нығайту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін кеңейтіп, ақпарат беру.








