Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышым.
Белкөл кенті клубы мен №14 кітапхана бірлесіп “Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышым” атты шара өткізді. Іс-шара мемелекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге тәрбиелеу.Іс-шара барысында оқушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы мәліметтермен танысты.Сонымен қатар, рәміздер туралы кітаптар көрмесі ұсынылып, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.









