» » Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы.

Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы.

 №12 кітапханада 4 маусым –Қ.Р. Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» атты танымдық сағат өтті. 
Шараға Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің «Жазғы таймс» жазғы тынығу лагерінің тәлімгерлері мен тәрбиеленушілері қатысты. Шараға қатысушылар арнайы ұйымдастырылған «Тарихтан туған рәміздер» атты  кітап көрмесімен танысты. 
Кітап көрмесіне ұлттық мақтанышымызға айналған-рәміздеріміз жайлы жазылған әдебиеттер, мақалалар қойылып, шара кеңінен насихатталды. Атап айтқанда ҚР Конституциясы, үш тілде жазылған Е. Шаймерденовтың «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері», Ш.Байкенованың «Мен Қазақстан азаматымын», М.Насимовтың «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы»,«Менің Отаным тәуелсіз Қазақстан» атты кітаптар және Е. Әуезовтың «Елтаңба еншім, көк байрақ көркім, әнұран рухым» атты мақалалармен тереңірек танысты. Шараның мақсаты –Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерді нығайтып, рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызы жайлы ақпарат бере отырып, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге шақыру.
04 маусым 2025 ж. 82

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам