Мемлекеттік Рәміздер - ұлт мақтанышы.
Талдыарал ауылдық №11 кітапханасында 4- маусым Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер- ұлт мақтанышы» атты танымдық сағаты №215 мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» лагерь кешені балаларымен өткізілді. Шара мақсаты Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайтып, Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсінік беру.Оқырмандарды отансүйгіштікке, адамгершілікке және мемлекеттік рәміздерді құметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға рәміздер жайлы жан-жақты таныстырып мемлекеттік рәміздердің әрбір бөлшектерінің маңыздылығы жайлы, оларды авторлары және шығу тарихы жайлы айтылды. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу- елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді құрметтеу болып табылады.







