» » Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік нышаны.

Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік нышаны.

 №5 кітапханада ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік нышаны» атты ауызша  журнал өткізілді.Шараға №138 мектептің оқушылары мен «Жас ұлан» ұйымының тәлімгері Әйгерім Нұрланқызы, бастауыш сынып мұғалімдері Жанар Арғынбаева, Гүлнұр Абайқызы қатысты. 
Іс-шара қазақ халқының рухын асқақтатып, арман тілегін жеткізер әнұранымызды шырқаудан басталып, рәміздер жайлы өлеңдер оқумен жалғасты. О.Асқардың «Рәміздерім», Б.Бәмішұлының «Елтаңба», О.Асқар «Туыңды көтер» тағы да басқа өлеңдер жатқа оқылды.Елтаңбадағы белгілері жайлы сұрақтар беріліп,оқушылар өз ойларын ортаға салды. Балалар рәміздердегі белгіленудің сипатын түсініп, рәміздердің авторлары туралы танымын молайтты.Іс-шара соңында «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік нышаны» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.
Шараның мақсаты-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, авторларын таныстыру, келешек жастарды елжандылыққа тәрбиелеу.
04 маусым 2025 ж. 36

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам