Ұлағаты мол ұлттық рәміздер.

№17 Қызылжарма ауылдық  кітапханасы Қызылжарма  Мәдениет Үйінің қызметкерлері және кітапхана оқырмандарының  қатысуымен «Ұлағаты мол ұлттық рәміздер» тақырыбында әдеби дайджест өткізді. Шара ҚР Әнұранын бір мезетте ұжыммен орындаудан басталды.Мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық салт -санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман тілегін  жеткізетін ерекше құнды белгілер.Шараға арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, аға кітапханашы Сражадинова  Қарлығаш   тарихы асыл мұрамыз болып бағаланатын мемлекеттік  рәміздеріміздің терең мән-мағынасын түсіндіре келе, Елтаңба, Ту, Әнұран туралы және де рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызы жайлы толық ақпарат беріп, көрмеге қойылған әдебиеттер мен мерзімді басылым бетіне жарияланған мақалаларды тереңірек таныстырып,  көрмеге библиографиялық шолу жасады. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Мадина Ернұрқызы мен Нәбиева Сабина өздерінің Отанға деген ыстық ықыласын өлең жолдарымен жеткізді. Сонымен қатар кітапхананың отбасылық оқырманы  Қуаныш Ақметқызы шараға қатысушыларға тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады деп,  шараны қорытындылады.
Шараның мақсаты – тарихи асыл мұрамыз болып  бағаланатын мемлекеттік рәміздеріміздің терең мән-мағынасын түсіндіру  арқылы  жастарымыздың  бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, кітапханаға оқырман тарту, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, қадірлеу болып табылды.
04 маусым 2025 ж. 72

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам