Денің сау болу үшін –100 кеңес
Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада оқырмандардың қатысуымен «Денің сау болу үшін –100 кеңес» атты денсаулық сағаты өтті.
Шараның мақсаты – оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтың адам өміріндегі ең басты байлық екенін ұғындыру, жеке бас гигиенасы мен дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру. Зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулықты күтуге бағытталған пайдалы кеңестер беру.
Шара барысында оқырмандарға дұрыс өмір салты, күн тәртібін сақтау, спортпен айналысу секілді 100 кеңес ұсынылды. Сонымен қатар денсаулық жайлы түрлі кітаптар мен газет-журналдар арқылы кеңінен ақпарат берілді. Іс-шара оқырмандардың денсаулық жөнінде білімдерін арттырып, күнделікті өмірде пайдалы дағдыларды қолдануға ынталандырды.







