Мен әкеммен мақтанамын
№16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы кітапхана» бағдарламасы аясында «Мен әкеммен мақтанамын» атты әңгіме сағат өткізілді. Шараға кітапхана оқырмандары қатысты.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Әсіресе, ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.
Шара барысында кітапханашы отбасындағы әкенің орны, оны сыйлау, құрметтеу жайлы айтса, шараға қатысушы жас оқырмандар әкелерінің қызметі, мамандығы, жақсы қасиеттері жайлы әңгіме өрбітіп, ыстық ықыластарын білдірді. Шараның мақсаты: Отбасындағы әкенің орнын айқындау, әке мәртебесін көтеру, оны сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.








