Денім сау болсын десең
№13 балалар кітапханасы «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Денім сау болсын десең» атты спорттық сайыс өткізді.
Аталған шараға Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің жанынан құрылған «Ақкөгершін» күндізгі тынығу лагерінің қатысушылары футбол алаңында «Қыран», «Жалын», «Сұңқар» тобы болып үш топқа бөлініп, эстафеталық түрлі спорттық ойындар ойнады.
Сайыстың нәтижесінде «Жалын» тобы ерекше көзге түсіп, 1 орынды жеңіп алды.

