Менің елім
Қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай, №17 кітапхана «Менің елім» атты өнер сағатын өткізді. Шараға Қызылжарма Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Шабыт» көркем сөз үйірмесінің қатысушылары мен «Нұр-Ару» би үйірмесінің жетекшісі Абдуллаева Қарлығаш Жарқынбекқызы бір топ өнерпаздарымен қатысты.
Шара барысында оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен мәлімет алып, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінен Нәжімеденовтің өлеңдері мен поэмаларына қызығушылық танытты.
Мақсаты: Жастарды ақынның шығармашылық жолымен, «Менің Қазақстаным» өлеңінің шығу тарихымен таныстыру және жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.







